Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық компания Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйламақ

Қазақстандық компания Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйламақ
Фото: Anadolu / Gettyimages.ru

Қазақстандық Ulytau Group құрылыс компаниясы спортшы Михаил Шайдоровқа New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер тарту ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Компания өз шешімін Instagram парақшасындағы сторис арқылы жариялап, спортшыны құттықтады.

Сонымен қатар, өкілдері әзірге Шайдоровпен тікелей байланыс орната алмағандарын айтты. Сол себепті қуанышты хабарды жеке жеткізіп, баспананы табыстау жайын талқылау мүмкін болмай отырғанын жеткізді.

«Біз Михаил Шайдоровқа жеке хабарласып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді сыйлағымыз келеді. Алайда әзірге онымен байланыса алмадық. Егер оның байланыс деректерін білсеңіздер немесе бұл ақпаратты жеткізуге көмектесе алсаңыздар, бізге хабарласыңыздар. Бұл жақсы жаңалықты өз чемпионымызбен бөлісуді қалаймыз», — делінген компанияның жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген де мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы алтын жүлдесімен құттықтап, оған автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.