"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық каскадер "Оскар" алды: "Томирис" фильміндегі жұмысы үшін

Қазақстандық каскадер "Оскар" алды: "Томирис" фильміндегі жұмысы үшін

Қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнжүгінов әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" атты жүлдесін жеңіп алды. Көпшілік бұл марапатты каскадерлік "Оскар" деп атайды. Ол бұл жүлдені "Томирис" тарихи фильміндегі трюктер қойылымы үшін алған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

"Бұл — барлығымыз үшін аса маңызды әрі бағалы жүлде. "Таурусты" жыл сайын әлемнің үздік экшн-мамандарына табыстайды. Ел тарихында алғаш рет фильміміздің осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз", — деді Жайдарбек Күнжүгінов.

Күнжүгінов өзінің кәсіби мансабында "Таурус" жүлдесіне екі мәрте үміткер болған. 2017 жылы оны "Викинг" фильмінде атқарған жұмысы үшін осы мараптқа ұсынды. Алайда, ол кезде жеңіс қазақстандыққа бұйырмады.

Автор
Еркебұлан