KZNews.kz
Қаржы

Қазақстандық блогерлер 18 млрд теңгеден астам табысын декларациялады

Жарқын Омаров
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық блогерлер мен инфлюенсерлер 18 миллиард теңгеден астам табысын декларациялады, деп хабарлайды kznews.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы салық органдары 854 блогер мен инфлюенсерге барлығы 1 586 хабарлама жолдаған. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, бұл шараларға 2022–2023 жылдары 71,9 миллиард теңге табыстың төмендетіліп көрсетілуі себеп болған.

- Қазіргі таңда 622 инфлюенсер мен блогер қосымша декларация тапсырып, 18,2 миллиард теңге табысын көрсеткен. Соның нәтижесінде 875,5 миллион теңге көлемінде салық есептелді, - деп нақтылады комитет.

Айта кетейік, былтыр ақпан айында Қазақстандағы блогерлерге қатысты миллиардтаған теңге салық берешегі туралы хабарламалар жаппай жіберілген болатын. Ол кезде Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, 594 адам 53,3 миллиард теңге табысын кемітіп көрсеткен.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →