Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әйелдер шетелдік “ғашықтарына” алданып қалуда - ІІМ

Қазақстандық әйелдер шетелдік “ғашықтарына” алданып қалуда - ІІМ
Фото: ашықдереккөз

Министрліктің мәліметінше, интернет желісінде шетелдік азаматтың кейпіне еніп, әйелдердің сеніміне кіретін алаяқтар көбейіп келеді. Олар көбінесе бойдақ ер азамат ретінде танысып, романтикалық қарым-қатынас орнатады да, артынан түрлі сылтаумен ақша сұрай бастайды.

«Желі қолданушылары өздерін шетелдіктерміз деп таныстырған алаяқтардың құрбанына айналып жатыр. Мұндай жалған онлайн махаббат көбіне жаралы жүрек пен бос әмиянға әкеледі», – делінген ІІМ ресми хабарламасында.

Полиция бұл алаяқтық әрекеттердің нақты сценариймен жүретінін айтады: алдымен танысу, жылы сөздер, сезім білдіру, үйленуге уәде беру, кейіннен қиын жағдайға тап болғанын айтып ақша сұрау.

Мысалы, Астана қаласының тұрғыны интернет арқылы сөйлескен адамына сеніп, 9 миллион теңгесінен айырылған.

Алаяқтардың басты белгілері:

  • тез арада ғашық болып, сезімін білдіреді;
  • бейнеқоңыраудан немесе кездесуден бас тартады;
  • аяныш тудыратын оқиғаларды айтып, сенімге кіреді;
  • түрлі сылтаумен ақша немесе бағалы заттар сұрайды.

ІІМ азаматтарға бейтаныс адамдарға сене бермеуге, күмәнді шоттарға ақша аудармауға және кез келген ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.