Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық 15 жастағы ауыр атлет қыз әлем чемпионы атанды

Қазақстандық 15 жастағы ауыр атлет қыз әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас спортшы Ксения Прозорова Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 жастағы Прозорова 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 199 келі (жұлқа көтеруде – 91 кг, серпе көтеруде – 108 кг) нәтижемен чемпион атанды. Бұл – өте әсерлі көрсеткіш. Күміс медальді 190 келі нәтижемен Өзбекстан спортшысы Маржона Абдумуталова, ал қола жүлдені 189 келімен ресейлік Полина Павлович иеленді.

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты: 73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов, ал 81 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында Ерасыл Саулебеков үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 61 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерсеит алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының жетістігін еселей түскен еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.