Шоу-бизнес

Қазақстандағы зейнетақының орташа сомасы қанша?

KZNEWS KZNEWS
Қазақстандағы зейнетақының орташа сомасы қанша?

Қазақстанда 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 920,2 млрд теңге бағытталды, бұл жалпы сомасы 2 трлн 803 млрд теңгені құрайды, - деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қыркүйегіндегі (тамызындағы) жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңгені құрады. Осылайша, қыркүйек айында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 62 теңгеге азайды.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 413 мың адамды құрайды.

фото: gov.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz