| Сабақ -38 | Мектеп : Мәтібұлақ ОМ |
| Пәні :қазақ тілі | Мұғалімнің аты-жөні: Омарова А.С. |
| Күні 28.01.19ж | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
| |
| Тақырып | Қазақстандағы қорықтар |
| Сынып 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Оқу мақсаттары | 8.2.4.1 –тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін(әңгімелеу,сипаттау,талқылау),құрылысына салыстыра талдауӘТН.8.4.4.1 –тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын,қызметін түсініп қолдану. |
| Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы орындай алады:тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің қызметін түсініп қолданады Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің қызметін түсініп қолдана отырып,публицистикалық стилді ажыратадыОқушылардың кейбірі орындай алады. Тақырып бойынша ақпаратты шығармашылық жұмыстарында және сұхбатта еркін қолдана алады. |
| Бағалау критерийлері | Мәтінді түсініп, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қызметін түсінедіТыңдалым тапсырмасы бойынша сұрақтар құрастырадыӨзіндік көзқарасын дәлелдейді |
| |
| Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер:Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы,Ақсу мен Жабағылы өзендері,қорықтың аумағы,Бұғылытұр шыңы, Сыныптағы диалогжазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша ,енедеше,келісемін, басқа мәліметтерді салыстырғанда,ақпараттарға сәйкес.Талқылауға арналған сұрақтар: Жергілікті жердің табиғи қалпын сақтап қалу үшін қорықтар ащудан басқа не істеуге болады?Жануарлардың бейнесіне ұқсастырып аталған тағы қандай жер-су аттарын білесіңдер? |
| Құндылықтарға баулу | Мәңгілік ел» идеясының бесінші құндылығы: еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру./Сабақта баланың бойында еңбексүйгіштік, адалдық сияқты құндылықтарды дарыту жүзеге асады./ |
| Пәнаралық байланыс | География |
| АКТ | Интербелсенді тақта, интернет желісі, |
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Қызыл кітап |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
| Басталуы 1 минут Зейінді шоғырландыру2минут | Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық ахуалТабиғатты сүю парыз,Сүю үшін – білу парыз.Қасиетін ұғу парыз,Күзетінде тұру парыз. «Колейдаскоп» әдісі (Бұл әдіс жаңа сабақтың тақырыбын ашу ретінде ұсынылады) 1,5,14,18-қ; 2,4,8,11,20-а; 3-з; 6-с; 7,19-т; 9-н; 10-д; 12-ғ; 13,17-ы;15-о; 16,21-р. Қб «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!». Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстандағы қорықтар» (Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырылады.) | Сабаққа қатысты құралдар |
| Ортасы 2минут 10минут 3 минут 2минут 5минут | Тілдік мәлімет беріледі 1- тапсырма. Топтық жұмыс. «Атаулар туралы үш сұрақ»Қосымша ақпарат көзінен қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер табады. Қашан? Қайда? Қандай? Дескрипторлар: -интернет желісінен қорықтар туралы нақты мәліметтер табады.- ішінен пысықтауышты табадыҚБ «Айналмалы бекет» әдісі арқылы әр топ бір бірін бағалайды Тыңдалым тапсырмасы «Қазақстандағы қорықтар» (бейнефильм) тыңдап,берілген тапсырмаларды орындайды. 2-тапсырма. Жеке жұмыс «Сенің білгің келетін сұрақтар» әдісіТыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы бойынша үш сұрақ құрастырады. Дескрипторлар: Мәтінді түсінеді-сұрақтарды нақты қоядыСтиль түрін анықтайдыҚБ .Жауап берген оқушыларға жетон таратылып отырады.Саралау.Тапсырма тәсілі 1.3- тапсырма бойынша мәтінді көшіріп жазып ,ішінен пысықтауыштың астын сыз. 2. 4- тапсырма .Суреттерге қарап Ақсу-жабағылы қорығының табиғатын сипаттап,жинақы мәтін жаз. 3.Қазақсатандағы қорықтар туралы кестедегі мәліметтерді пайдаланып және қосымша ізденіп, бір қорық туралы мақала жазыңдар. 3-тапсырма .Стильдік түзетулер жасап,көшіріп жазыңдар. Ұлттық саябақтар-ландшафтылардың елімізде қорғалатын жаңа түрі.Олар дами қойған жоқ толық өріс алып әлі де.Қорықтардан ұлттық саябақтардың айырмашылығ- туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі.Олардың бірақ табиғатты сақтау талап етіледі.қазақстанда бес саябақ ұйымдастырылған. Дескриптор:-Стильдік түзетулер жасап жазады | Интернет желісі (бейнефильм) |
| Кері байланыс 3 минут | Сабақты қорытындылау Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау | |
| Соңы2 минут | Үйге тапсырма:Ақсу-Жабағылы қорығының табиғатын сипаттап,жинақы мәтін жазыңдар | |
| Қосымша ақпарат |
| Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпкесіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
| «Мақтау сөздер», дескрипторлар, «Дұрыс, бұрыс» әдісі, смайликтер арқылы бағалау. | Қауіпсіздік техникасын ережелерінің тармақтары сақталуы қадағаланады |
| Сабақоқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралу шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? | | |