«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы ауруханаларда, интернаттарда және қарттар үйлерінде карантин жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандағы ауруханаларда, интернаттарда және қарттар үйлерінде карантин жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда медициналық ұйымдарда карантиндік шаралар күшейтілді - карантин жарияланды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдар - ауруханалар, медициналық және әлеуметтік нысандар, қарттар үйлері, интернаттар - карантинге жатқызылды, демек, бұл мекемелер мен ұйымдарға баруға тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мемлекеттік арна эфирінде.

Іс-шаралар мекемеде жатқан науқастарды қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілуде.

"Оның ішінде фото және видео түсіруге тыйым салынды", - деп толықтырды Біртанов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 27 коронавирус жағдайы тіркелген: 16-сы - Нұр-Сұлтанда, 11-і - Алматыда.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан