Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?
ашық дереккөзден

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын уақытта жұмысын бастамақ. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтар күні Әділет министрлігі тарапынан Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген бұйрық тіркелген. Құжат жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейді. Аталған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, елімізде кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Бұйрық заңды күшіне енген соң, Алматыдағы крематорий санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, бекітілген тәртіп бойынша қызмет көрсете бастайды", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросы жанындағы байқау кеңесі кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бюроның ресми сайтында жарияланбақ.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қала зираттарында жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Сол дерекке сәйкес, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматы аумағында 70 зират бар, олардың 61-і жабылған. Ал жаңа зираттарға арналған жер телімдері Алматы облысы аумағынан белгіленіп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер