KZNEWS.KZ
Білім

Қазақстанда ЖОО-лардың оқу ақысын көтеруге шектеу қойылады

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының өсуіне шектеу қойылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік университеттерге оқу ақысын жылына 10%-дан артық көтеруге рұқсат етілмейді. Биыл да бағада күрт өзгеріс болмайды.

Ал стипендияларға келсек, соңғы бес жылда олардың көлемі жыл сайын шамамен 25%-ға өсіп, жалпы екі есеге артқан. 2025 жылы бұл бағдарлама аяқталған, қазір жаңа бесжылдық циклді қайта іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, бірақ нақты шешім әлі қабылданбаған.

Қазіргі таңда PhD докторанттар айына шамамен 254 мың теңге алады. Педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы бөлек ұлғайтылған. Ал базалық стипендия мөлшері шамамен 55 мың теңгені құрайды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →