Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаржы министрлігі үкіметтен көмек алу үшін не істеу керек екенін түсіндірді  

Қаржы министрлігі үкіметтен көмек алу үшін не істеу керек екенін түсіндірді  

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын www.kgd.kz сайтынан тексере алады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. 114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион теңге көлеміндегі өсімпұлы кешірілді, деп хабарлады қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

"2019 жылдың 5 қыркүйегінде мәліметке сәйкес, 114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион көлеміндегі өсімпұлы кешірілген. Олар 2,9 миллиард теңге болатын негізгі қарызын өтеді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жалпы 1,4 миллион адамның амнистияға ілінетінін атап өтті.

"Егер олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызын өтеген жағдайда 6,3 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлы кешіріледі", - деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірдегі барлық департаменті 2019 жылдың 13-14 тамызында өсімпұлдарды кешіру туралы жарлық шығарған.

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz сайты ("Салықтық қарыздың бар-жоқтығы жөніндегі мәлімет"/"Сведения о наличии/отсутствии налоговой задолженности")  тарауынан біле алады. Ол үшін салық төлеуші ЖСН (ИИН) енгізуі керек.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан