Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін: Әшімбаев ол қай күн болатынын айтты

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін: Әшімбаев ол қай күн болатынын айтты
Фото: Ақорда

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны халық референдумда қолдаған жағдайда, жаңа Конституция күні 15 наурызда атап өтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол Конституцияның қабылданатын күні мен оның күшіне ену күні екі түрлі ұғым екенін атап өтті. Өтпелі ережелер жобасында дәл құжаттың қабылданатын күні туралы айтылған.

Оның айтуынша, шешім азаматтардың таңдауына байланысты болады.

"Егер халық қолдаса, жаңа Конституция қабылданып,  Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді", - деді Сенат спикері.

Ұсынылып отырған өзгерістер Негізгі заңның 77 бабына енгізіледі, бұл оның мәтінінің шамамен 84%-ын құрайды. 29 қаңтарда арнайы комиссия мүшелері талқылау барысында ұсынылған өзгерістердің ауқымы жаңа Конституция қабылдау қажеттігін көрсетеді деген қорытындыға келген. Президенттің айтуынша, бұл түзетулер іс жүзінде бүкіл мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртады. Сонымен қатар Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі