Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болды
Қазақы тазы. Фото: almaty-kansonar.kz

Биылдан бастап Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті үкімет қаулысы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: Қазақы тазы мен төбет күні – 3 қыркүйек", - делінген қаулы мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация қазақ тазысын мойындап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.