Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жаңа мемлекет басшысы сайланса вице-президент қызметінен кете ме

Қазақстанда жаңа мемлекет басшысы сайланса вице-президент қызметінен кете ме
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның болашақ вице-президентінің өкілеттігін тек Мемлекет басшысы айқындайды. Мұны Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева вице-президенттің Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен жұмыс барысында Президенттің атынан өкілдік ететінін айтты. Сонымен қатар “өзге де өкілеттіктерді” жүзеге асыратынын еске салды.

Әділет министрі Сәрсембаевтың айтуынша, вице-президент Мемлекет басшысының мүддесін қорғайды. Сондықтан оның өкілеттік аясын Президенттің өзі айқындайды.

“Бұл арнайы жарлық арқылы рәсімделеді. Демек вице-президент туралы ереже жеке құжатпен бекітіледі”, – деді министр.

Оның сөзінше, мұндай тәсіл мемлекеттік басқарудың икемділігі мен бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Парламент отырысында депутат Бекболат Орынбеков Конституциялық заң жобасындағы норманы еске салды. Оған сәйкес, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігі жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

“Сонымен қатар олар Мемлекет басшысы жаңа басшыларды тағайындағанға дейін өз міндеттерін атқара береді. Осындай механизм елорда мен облыс әкімдеріне де қарастырылған. Демек олардың өкілеттігі Президент қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Осыған байланысты менде мынадай сұрақ бар: дәл осындай механизмді вице-президент қызметіне де қолдануға бола ма?”, – деп сұрады Бекболат Орынбеков.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президентке қатысты жағдай өзгеше болатынын айтты.

“Вице-президент жеке мемлекеттік органды басқармайды. Бірақ ол президенттің атынан өкілдік етеді. Сондықтан осыны ескере отырып, жаңадан сайланған президент алдында оның өкілеттігін тоқтатуды қажет деп санамаймыз”, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заң жобасында вице-президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалғаны туралы жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.