Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет басшысы Израиль президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Израиль президентін құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогіне құттықтау жеделхатын жіберді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы Ицхак Герцогты Израиль мемлекетінің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

“Сіздің “барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет” деген пікіріңізбен келісемін”, – деді Ицхак Герцог Тоқаевқа.

Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.