KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақстанда темекі неше теңгеге қымбаттайды

• Азамат Қойшығара
Ашық дереккөзден

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 дана темекі немесе стиктен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болып белгіленген. Бірақ дүкендердегі нақты сату бағасы бұл көрсеткіштен жоғары.

Енді бұл шек қайта қаралуы мүмкін. Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын арттыру көзделген.

Құжатта жаңа ең төменгі баға әзірге көрсетілмеген. Дегенмен бұйрық жобасында күтілетін нәтижелердің бірі ретінде бюджет кірістерін ұлғайту белгіленгендіктен, темекінің ең төменгі бағасы өседі деп күтіледі.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →