Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда темекі неше теңгеге қымбаттады?

Қазақстанда темекі неше теңгеге қымбаттады?
Ашық дереккөзден

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында сүзгілі және сүзгісіз 20 тал темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 970 теңге болған.

Сондай-ақ құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдердің бір қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.