НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. 26 наурызда республикада коронавирус жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
26 наурыз сағат 12.20-дағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адам вирус жұқтырды.
Қазіргі таңда елімізде 97 адам тіркеліп отыр. Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.