KZNews.kz
Қоғам

Қазақстанда су басу қаупі жоғары аймақтардың тізімі жарияланды

KZNEWS

3 ақпанда "Қазгидромет" мамандары 2025 жылдың көктеміне арналған су тасқынының алдын ала болжамын ұсынды. Онда су басу қаупі жоғары аймақтар аталған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Гидрометеорологиялық орталық болжамның жауған жауын-шашын мөлшері мен жердің мұз қату тереңдігі сынды факторларға негізделгенін айтты. Сондай-ақ болжам алдын ала жасалған және ауа райы жағдайларына байланысты нақтыланатынын жеткізді.

Абай ауданы


Ақмола облысы

Есіл, Қалқұтан, Жабай, Селеті өзендерінде, Есіл өзенінің арнасының бойында орналасқан учаскелерде судың критикалық деңгейінен асып кету қаупінің жоғары екенін көрсетеді.


Ақтөбе облысы

Болжамдық теңдеулердің алдын ала есептеу нәтижелері Тамды, Бестамақ ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде және Елек өзенінің Ақтөбе бойында және Қобда ауданының Қобда және Қоғалы ауылдарының гидрологиялық бекеттерінде, Үлкен Қобда өзенінің бойында судың шекті деңгейлерінің асу қаупінің жоғары екенін көрсетеді.

Хромтау, Алғын, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Мәртөк аудандарының аумақтары арқылы өтетін Ор, Темір, Ембі өзендері мен Елек өзенінің төменгі ағысында осы кезеңде су тасқынының белсенділігінің орташа қаупі бар.

Көктемгі су басу қаупі төмен деп келесі өзендер саналады: Ырғыз, Шиелі, Қарғалы, Қосітек, Ақтасты, Қарақобда, Көкпекті.

Алматы облысы

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы гидрологиялық бекеттердің көпшілігін көктемгі су тасқын қаупі төмен санатқа жатқызуға болады.

Өткен су тасқыны мен гидрометеорологиялық жағдайларды талдау негізінде аймақты шартты түрде келесі тәуекел санаттарына бөлуге болады:


Атырау облысы

Болжамға сәйкес, Атырау облысы аумағында көпжылдық орташа деңгейден асатын су тасқыны кезеңі күтіліп отыр. Болжамдық теңдеулердің алдын ала есептеу нәтижелері Жылыой (Ембі өзені) және Қызылқоға (Үйіл, Сағыз, Ноғайты өзендері) аудандарында су тасқыны белсенділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Ембі өзені – Аққызтоғай ауылының гидрологиялық бекетінің мәліметі бойынша көктемгі су тасқынының шекті деңгейі нормадан 3-49 см жоғары және қауіпті деңгейге жақындауы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы


Жамбыл облысы

Болжам бойынша Мерке, Жуалы және Талас аудандарындағы өзен тасқыны орташа тәуекелдерді көрсетеді.

Жетісу облысы


Батыс Қазақстан облысы

Болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан облысының аумағында Жайық өзендерінің бойында жоғары және орташа көтерілумен су тасу кезеңі күтілетінін көрсетеді. Бұл ретте облыстың солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде топырақ бетінде қалыңдығы 20 мм-ге дейін жететін мұз қыртысы байқалады.


Қостанай облысы

2024 жылы көктемгі су тасқынынан көлдер мен түрлі ойпаңдардың еріген сумен толтырылуын ескеру қажет. Бұл ауа райы жағдайларының кенеттен өзгеруі жағдайында айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін. 2025 жылы көктемгі су тасқынын болуы мүмкін аймақтар:


Қызылорда облысы

Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде, Төменарық теміржол вокзалының гидрологиялық бекетінен төмен, алғашқы мұз құбылыстары – жағалаулары байқалды. Шиелі, Сырдария аудандарында, Қызылорда қаласындағы Тасбөгет гидрологиялық бекетінде мұздың қалыңдығы 8-ден 20 см-ге дейін жеткен.

Қармақшы ауданы мен Жосалыда мұз жағалары мен мұздың жылжуы байқалды. Олар кейінірек мұз жамылғысына айналды. Қазалы ауданындағы Қазалы гидрологиялық бекетінде де толық емес мұз қабаты тіркелді. Алайда, Арал ауданында мұз жамылғысының қалыптасуы аз қарқында дамыды. Бұл осы аумақтағы Сырдария өзенінің жылу режиміне Ақлақ су электр кешені мен Кіші Арал теңізінің әсерімен байланысты болды. Өзен Қазалы және Тасбөгет гидрологиялық станцияларында наурыздың басы мен ортасында ыдырайды. Жергілікті атқарушы органдар жүргізген бірлескен барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша 29 қауіпті аумақ анықталды.

Су тасқыны кезеңінде судың қауіпті деңгейіне жеткенде елді мекендерді, жайылымдық жерлерді, жолдарды және инфрақұрылымды су басу қаупі бар:
жоғары тәуекел: Жалағаш ауданы;
орташа тәуекел: Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы аудандары және Қызылорда;
ең төменгі тәуекел: Арал ауданы.

Қарағанды ​​облысы

Болжамға сәйкес Нұра, Шерубайнұра өзендерінде, Нұра өзенінің арнасының бойында орналасқан учаскелерде судың шекті деңгейден асу қаупінің жоғары екені анықталды:


Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі аз. Егер жауын-шашын көп жауса су тасқыны қаупі төнуі мүмкін.

Павлодар облысы

20 қаңтарда Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің гидрологиялық бекеттерінде көктайғақ, төбешіктер және сайларда мұз қатуы байқалды. Мұздың қалыңдығы 38 см-ден 50 см-ге дейін.

жоғары тәуекел: Баянауыл ауданы;
орташа тәуекел: Май, Аққұла, Павлодар, Ақтоғай аудандары, Ақсу қаласы және оған іргелес ауылдық аумақ, Екібастұз қаласы және оған іргелес ауылдық аумақ;
төмен тәуекел: Шарбақты, Успен, Железин, Ертіс, Тереңкөл аудандары.

Солтүстік Қазақстан облысы

Болжамға сәйкес, Сергеевское су қоймасынан кейін орналасқан аумақтарда судың өз деңгейінен асып кету қаупі жоғары.


Түркістан облысы

2025 жылдың 31 қаңтарында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов Қазақстанда мыңнан астам елді мекенді су басу қаупі бар екенін мәлімдеді. Кейін Қазгидромет су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды атады.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары