Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы қаласының жастары жаңа Конституцияны қолдады

Алматы қаласының жастары жаңа Конституцияны қолдады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Наурызбай ауданының комьюнити-орталығында жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, комьюнити-орталықтардың жетекшілері мен сарапшылардың қатысуымен ашық диалог өтті. Талқылау барысында қатысушылар конституциялық реформалар жөнінде өз пікірлерін білдіріп, Негізгі заңның қоғам өміріндегі рөлін атап өтті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Алматы қаласының белсенді жас өкілі Ақарыс Төребеков жастардың Қазақстан Республикасының дамуына қосатын үлесінің маңызын ерекше атап өтті:

«Мен, белсенді жас өкіл ретінде, Қазақстан Республикасының даму стратегиясын жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған әрбір реформаны қолдаймын. Жастар жаңа жобалар жасап, қоғамдағы тұрақтылыққа үлес қосып, өздерінің жан-жақты дамуы үшін еңбек етуі тиіс. Бұл бастаманы толық қолдаймын және жақын болашақта бізді үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенемін».

Өз кезегінде «Жетісу-2» комьюнити-орталығының жетекшісі Айбек Берікболұлы жаңа Конституцияның цифрландыру жағдайында адам құқықтарын нығайтуға ықпал ететінін айтты:

«Менің ойымша, Конституция – ең алдымен мемлекетіміздің тірегі. Ол – елдің іргетасы әрі қоғамымыздың дамуына негіз болатын құжат. Бүгінде Конституция нормаларының шамамен 84 пайызына өзгерістер енгізілді, оның ішінде бұрын цифрлық қауіпсіздік мәселелерін толық қамтымаған баптар да бар. Қазіргі заманда аса маңызды саналатын цифрлық қауіпсіздік саласындағы адам құқықтары осы өзгерістер аясында берік құқықтық негізге ие болады».           

Іс-шараға қатысқан Алматы қаласы «Жарық» бірлестігінің мүшесі Жасұланұлы Бейбіт кездесудің маңыздылығына тоқталып, ерекше форматта өткенін атап өтті:

          «Бүгінгі кездесу – алдағы болатын референдум үшін маңызды оқиға екенін атап өткім келеді. Конституцияның жаңа жобасы арқылы біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді тереңірек түсініп, азаматтық жауапкершілігімізді арттыруға мүмкіндік алдық. Біз еліміздің дамуына және құқықтық реформалардың табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қосу үшін осы бастаманы қолдаймыз.»

Өткен брейнсторминг Алматы жастарының елдегі саяси үдерістерге бейжай қарамайтынын және мемлекеттік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетті.

 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.