Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты үкіметтің жаңа Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатуы тиіс екенін еске салды, деп хабарлайды kznews.kz.
Депутат Бекболат Орынбековтің айтуынша, Конституцияға сәйкес үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
Мұндай норма жаңа Конституцияның 69-бабында бекітілген.
Еске салсақ, депутат Айдос Сарым «ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енетінін хабарлаған болатын. Осыдан кейін парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның күші жойылады.
Айта кетейік, бүгін, 8 мамырда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Онда президент, Құрылтай және сайлау туралы конституциялық заңдар талқыланды.