1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда орташа жылдамдықты бақылайтын камералар қай жолдарға орнатылады?

Қазақстанда орташа жылдамдықты бақылайтын камералар қай жолдарға орнатылады?
Фото Informburo.kz

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Маяқсат Бахмет Қазақстанда орташа жылдамдықты тіркейтін камералар орнатылатын жол учаскелері туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, жаңа жүйелер ең алдымен ақылы автожолдарға енгізіледі. Қазіргі таңда еліміздегі мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды.

«Негізгі бағыттар – Қарағандыдан Алматыға дейінгі және Өскемен – Талдықорған бағыттары. Сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі учаскелерде де камераларды орнату жұмыстары жалғасады», – деді Бахмет Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, мұндай камералар орнатылғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайған.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар тағы сегіз тасжолда камераларды іске қосу және баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі