Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Орташа жылдамдықты бақылайтын камералар орнатып, ұқыпты жүргізушілерді ынталандыру керек - сенатор

Орташа жылдамдықты бақылайтын камералар орнатып, ұқыпты жүргізушілерді ынталандыру керек - сенатор
Фото: Шымкент қаласы ПД

Сенатор Марат Қожаев Қазақстан қалаларында орташа жылдамдықты өлшейтін камераларды орнатуды және заңға бағынатын жүргізушілерді ынталандыруды ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткеніне, соның салдарынан жас адамдар қаза тауып жатыр. Оның айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар көбіне жүргізушілердің өз-өзіне тым сенімді болуы және жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) ашық түрде елемеуінен болады. Әсіресе бұл мәселе ірі қалаларда өте өзекті. Көжаевтың айтуынша, жол апаттарының 90%-ға жуығы жүргізушілердің кінәсінен, әсіресе жылдамдықты асыру салдарынан орын алады.

«Белгілі болғандай, заңнамалық тұрғыда орташа жылдамдықты бақылау тетіктері енгізілген. Олар өңіраралық жоғары жылдамдықты жолдарда қозғалыстың орташа жылдамдығын өлшейді. Енді осы тәсілді елді мекендердің ішінде де енгізу уақыты келді деп санаймыз», – деді сенатор отырыс барысында.

Сонымен қатар, ол құқық бұзушыларға қатысты жеңілдіктерді алып тастауды ұсынды:

айыппұлдарды жеңілдетілген тәртіппен төлеу мүмкіндігін жою;

Жол қозғалысы ережелері білімін қайта тексеруден өтпейінше көлік жүргізу құқығын шектеу;

қайталанған құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінен ұзақ мерзімге айыру;

өрескел әрі әдейі қауіпті бұзушылықтар үшін әкімшілік қамау қолдану.

Бұдан бөлек, сенатор заңға бағынатын жүргізушілерді ынталандыру жүйесін әзірлеп, міндетті сақтандыру құнын төмендетуді және сервистік қызметтерде жеңілдіктер беру және басқа да көтермелеу шараларын қолдануды ұсынды.

«Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын адамдарға көлік жүргізуге рұқсат беру мәселесін бағалауда тәуекелге негізделген жаңа тәсілді енгізуді қарастыру қажет. Мұнда тек құқық бұзушылық фактілерін тіркеу ғана емес, жүргізушінің мінез-құлқын жан-жақты бағалау маңызды. Осыған байланысты жүйелі құқық бұзушылар үшін қосымша міндетті бағалау рәсімдерін енгізу орынды, оның ішінде қауіпті және агрессивті мінез-құлыққа бейімділігін анықтау үшін психологиялық тестілеу, сондай-ақ көлік жүргізу қауіпсіздігіне әсер ететін мінез-құлық факторларын бағалау және халықаралық тәжірибеде қолданылатын басқа да құралдарды енгізу ұсынылады», – деді Қожаев.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Айдос Сарым президент жариялаған әкімшілік рақымшылық аясында құқық бұзушыларға жүргізуші куәлігін қайтаруға қарсы шыққан еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі