KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты елімізде ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды. Бұл туралы  істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

"Бұл тұлғаға қатысты ішкі істер органдарында ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Сабыровтың Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейдің “Вагнер” ЖШС жауынгерлеріне 10 мотоцикл беріп, "Барлығы жеңіс үшін" қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған. Артынша Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған қатысты тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды. 

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кейінірек оның Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланған.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →