Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
Фотоиллюстрация: Kznews

Украиналық заңгер Андрей Пронин өзінің телеграм арнасында қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің сөзінше, Украина қауіпсіздік қызметі заңгердің шағымынан кейін Сабыровқа қарсы "Басқыншы елге көмектесу" қылмыстық бабы бойынша іс ашқан. Заңгердің айтуынша, алдағы уақытта Нұрлан Сабыровқа іздеу, оның ішінде халықаралық іздеу де жарияланып, экстрадициялау туралы мәселе қозғалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазіргі уақытта Нұрлан Сабыров Қазақстан аумағында. Бірер апта бұрын ол Ресейге кіре алмай елге қайтып келген. Оған Ресей территориясына 50 жылға дейін кіруге болмайтыны туралы айтылды. Бірақ себебі әзілкешке түсіндірілмеген.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.