Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00 сағ. жағдай. Вирусты жұқтырғандар саны 111-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 2 оқиғасы тіркелді. Бүгінгі күні елімізде коронавирусты тіркеудің 111 жағдайы расталды.
Оның ішінде: Нұр-сұлтан қаласында – 61, Алматы қаласында - 40, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында-1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды.
stan.kz