«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды деген ақпарат жоққа шығарылды

Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды деген ақпарат жоққа шығарылды

Түркияда індеттен үш адам қайтыс болған еді. Сол жағдай Қазақстанда болған оқиға деп жазылуы мүмкін екені айтылды

АЛМАТЫ, 20 наурыз– Sputnik. Джонс Хопкинс институтының сайтында Қазақстанда коронавирустан үш адам көз жұмды деген ақпарат шықты. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ресми түрде жоққа шығарамыз, бізде аурудан көз жұмғандар жоқ. Елімізде  коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 адам бар. Қарағанды бойынша – 2  жағдай, Алматыда – 22 жағдай, астанада – 25 жағдай тіркелді. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық", - деді Ахметшәріп Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Бұған дейін бірнеше ресурста Қазақстанда үш адамның өлімі туралы хабар пайда болды.

© Photo : сайт-агрегатор статистики

Статистика жүргізетін сайт, скрин

Коронавирустан әлем бойынша мониторинг жүргізіп отырған сайт Түркияда қайтыс болған үш азаматты шатасып жазуы мүмкін екені айтылды. 

Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді. Елорда мен Алматы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан