KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамға жетті

Нұрсұлтан

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Алматыда коронавирус инфекциясын тағы екі адам жұқтырды, Қазақстанда сырқаттардың жалпы саны отыз бес адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 "Алматы қаласында тағы 2 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Жалпы 35 науқас тіркелді, оның он сегізі – Нұр-Сұлтан қаласында, он жетісі – Алматы қаласында", - деп хабарлады ведомство.

Елорда мен Алматы карантинге жабылады

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады

Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданды. 


sputniknews.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →