Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда карантин жеңілдейді - ресми өкіл

Қазақстанда карантин жеңілдейді - ресми өкіл

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпта жеті күн сақталса, карантин жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

«Карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін қабылданады. Карантин шараларын жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен ерте енгізілмейді. Еліміздің Бас санитарлық дәрігері шектеу талаптарын жеңілдетеді немесе қатаңдатады», – деді Ержан Байтанаев.



Оның айтуынша,  «жасыл», «қызыл» және «сары» аймақтардағы карантин шектеулері туралы шешімді Бас санитарлық дәрігердің қолданыстағы қаулысы негізінде өңірдегі санитарлық дәрігерлер қабылдайды.



7 маусымда Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа өтті.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары