Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды 

Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды 

Ол кінәсін толық мойындады, қазір үйқамақта отыр.

Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің басшысы 1,9 миллион теңге парамен ұсталды. Бұл туралы Астанадағы брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласындағы департаменті Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің төрағасын ұстады, ол комитеттінің экономика және қаржы басқармасы басшысының көмегімен ведомстволық бағынышты ұйымға қолдау көрсетіп, қосымша қаржы бөлу үшін 1,9 миллион теңге көлемінде пара алған. Комитет төрағасы кінәсін мойындады», — деді Бердалин. 

Оның айтуынша, күдікті үйқамата отыр, оған және экономика және қаржы басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Автор
Мадияр