Оқу-ағарту министрлігі Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.
«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтыру енгізу туралы жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
« Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына орналасуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Құжаттың жобасы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.