Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда бапкерлердің жалақысы өседі

Қазақстанда бапкерлердің жалақысы өседі
Фото Informburo.kz

Қазақстанда бапкерлердің жалақысы өседі. Бұл норма бүгін, 19 ақпанда, Сенат мақұлдаған заңға енгізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңдағы жаңа өзгерістердің ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұғымын қосымша білім беру ұйымы ретінде бекіту қарастырылған. Елімізде бұл мектептерге мемлекеттік тапсырыс енгізіледі, қаржыландырудың жан басына нормативі белгіленеді және мемлекеттік тапсырысты орналастырудың бірыңғай ережелері бекітіледі. Сондай-ақ деректерді есепке алу, талдау және мониторинг жүргізу үшін денешынықтыру және спорт саласының цифрлық платформасы құрылады. Мемлекеттік ұйымдар бұл платформаға ақпарат беруге міндетті болады.

Заң сонымен қатар спорттық бапкерлердің жалақысын арттыруды қарастырады.

- Салаға тәжірибесіз келген адам қазіргі кезде шамамен 180 мың теңге алады. Қазір заң арқылы біз бұл норманы 30%-ға арттырамыз», – деді Сенат кулуарында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Сонымен қатар, елде денешынықтыру және спортты дамытуға арналған бюджеттік емес қаражатты бөлетін біріккен оператордың қаржылық есептілігінің жыл сайынғы аудиті міндеттеледі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Никита Шаталов жан басына қаржыландыру бір спортшыға арналған қаржыландыруды 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін арттыруға, сондай-ақ бапкерлердің жалақысын біліктілігіне байланысты қосымша төлем арқылы көтеруге мүмкіндік беретінін айтқан.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне туристік сала мен балалар спортына қолдау көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қол қою үшін Президентке жолданады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі