Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда балаларға арналған Жаратылыстану музейлері ашылуы мүмкін

Қазақстанда балаларға арналған Жаратылыстану музейлері ашылуы мүмкін
Фото: Ақорда

Президент кітап оқу мәдениетін дамытуға және балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы биыл осы бағытқа қатысты Жарлыққа қол қойғанын атап өтіп, бұл жұмысқа қоғам белсенділерін, шығармашылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін, журналистер мен кәсіпкерлерді кеңінен тартуды ұсынды.

Балаларға арналған ғылыми музейлер ашылады

Президенттің айтуынша, балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруда ғылыми музейлер мен зерттеу орталықтарының маңызы зор. Мұндай орындар оқушыларға білімін тәжірибеде қолдануға, зерттеу жүргізуге және ғалымдардың еңбегімен танысуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Астана, Алматы және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейлерін ашу ұсынылды.

Президенттік кітапханалар салынады

Сонымен қатар алдағы екі жылда Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында Президенттік кітапханалар жұмысын бастайды.

Мұндай кітапханаларды Шымкент пен басқа да облыс орталықтарында салу жоспарланып отыр. Президент бұл бастаманы демеушілер қолдайтынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін атап өтіп, білім беру нысандарын көбейтуге және білім беру жүйесін одан әрі дамытуға басымдық беру қажет екенін айтты.

«Өскелең ұрпақты өркениетті әрі жасампаз құндылықтар негізінде тәрбиелеу – ортақ парызымыз», – деді Президент.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі