KZNEWS.KZ
Аймақ

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, ыстық бәсеңдейді

• Жарқын Омаров
Фото Informburo.kz

"Қазгидромет" 21-23 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Жауын-шашынмен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20+30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22+35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27+35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30+42°С жоғары температура сақталады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →