ІІМ "Қазақмыс" нысандарындағы ұрлық схемаларының жолын кесуде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алдағы үш күнде Қазақстанда 35 градусқа дейін ысиды

Алдағы үш күнде Қазақстанда 35 градусқа дейін ысиды
Фото: qaragandyhabary.kz

"Қазгидромет" РМК 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды.

Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз бұлттылықтың аз болуына байланысты ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі