KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 28 градусқа дейін жылынады

• Жарқын Омаров
Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК 18-20 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтайды. Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15–23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10–18 градус жылы болады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17–28 градусқа дейін жылынады.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →