Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда 29 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

Қазақстанда 29 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:29 192

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда 29 желтоқсан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде - өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары.

Сағат 12.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтеді.

Сағат 14.00-де Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында мұғалімдерге, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде бастапқы жарнаны субсидиялауға арналған бағдарлама бойынша алғашқы «тұрғын үй сертификаттарын» тапсырады.

Сағат 15.00-де Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов астаналықтарға тұрғын үй кілттерін тапсырады. 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Әлихан