Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. 19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
21 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
Балалар кітабы апталығы басталады. Бұл кең ауқымды онлайн-жобаның бастамашысы – Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Sputnik Қазақстан, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, сондай-ақ Ресей елшілігі және "Комсомольская правда" және "Аргументы и факты" газеттері. Іс-шара Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған, онда ресейлік және қазақстандық балалар жазушылары мен ақындары сөз сөйлейді. Олар жас оқырмандарға өз шығармашылығы туралы айтып береді, жаңа туындыларымен таныстырады.
18.00 (БОЛМАЙДЫ) – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).
22 наурызға жоспарланған шаралар
14.00 (БОЛМАЙДЫ) – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).
25 наурызға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.00 (БОЛМАЙДЫ)- Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).
29 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 (БОЛМАЙДЫ) - "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.