KZNews.kz
Қаржы

Қазақстанда 2032 жылға дейін электр энергиясына тарифтердің өсуі тоқтатылмақ

Жарқын Омаров
Фото Depositphotos.com

Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтерді жеті жылға тұрақтандыру ұсынылды. Бұл туралы тиісті бұйрық жобасын Энергетика министрлігі «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Электр энергиясын өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтер әр жеті жыл сайын бекітіледі, қажет болған жағдайда жыл сайын түзетулер енгізілуі мүмкін. Қазіргі 2019–2025 жылдарға арналған қолданыстағы тарифтер 2018 жылы бекітілген

Тарифтерді тұрақтандыру туралы шешім президенттің төрағалығымен өткен жиналыстан кейін қабылданды. Онда макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау тапсырылды.

«Бұйрыққа сәйкес, 2026–2032 жылдарға электр энергиясының шекті тарифтері 2025 жылғы деңгейде бекітіледі. Бұл біртұтас сатып алушының бағасына әсер етпейді», – делінген бұйрық жобасының сипаттамасында.

Бекітілген тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, 2032 жылға дейін әрекет етуі мүмкін.

Жобаны қоғамдық талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары