Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Самұрық-Қазына баспасөзі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқармасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Елжас Отыншиевті тағайындады, деп хабарлайды kznews.kz.

39 жастағы Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техника институтының түлегі. Еңбек жолын Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бастаған. Кейін он жылдан астам уақыт бойы «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

Еңбек жолында инвестициялық жобаларды іске асыру, активтерді дамыту және инвестициялық портфельді басқару бағыттарына жетекшілік еткен. 2023 жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, сондай-ақ қор басқармасының мүшесі болды. Бұл қызметте мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компаниялардың жұмысын үйлестірді.

2024 жылдың ақпанынан бері Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің құрамында жұмыс істеп келеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.