KZNews.kz
Білім

Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары "Қазақстан палеолит кезеңінде" 10 сынып

KZNEWS
САБАҚ Мектеп: А.Жами ЖОМКүні:Мұғалімнің есімі: Кенжеева УлбосынСЫНЫП: 10Тақырыбы: Қазақстан палеолит кезеңіндеҚатысқандар саны:Қатыспағандар саны:Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)Адам баласының пайда болуы және оның дамуы, ежелгі тас дәуірі, тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мәтінмен жұмыс жасай алады, суретке қарап әңгіме құрастыра аладыОқушылардың басым бөлігі:Тақырыпты еске түсіру барысында оқушылардың басым бөлігі сұрақтарға жауап бере алады. Мәтінді талдай алады.Кейбір оқушылар:Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, салыстырады, шығармашылық тапсырмалар орындай аладыБағалау критерийлері:(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)Тірек тақырыптармен жұмыс жасай аладыКестемен толтыра алады, салыстыра алады.Сұрақтарға жауап бере алады. Тілдік мақсатТілдік дағдылар: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалымТерминология: палеолит, Homo sapiensСөз тіркестері: тарихи кезеңдер атауы, тарихи уақыт шеңберіҚұндылықтарды дарыту«Мәңгілік Ел» - бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Пәнаралық байланыстарБиология, географияАКТ қолдану дағдыларыГрафопроектор, бейнежазбаАлдыңғы оқу/Бастапқы білімТас дәуірін кезеңдерге бөлуЖоспарЖоспарланған уақытЖоспарланған жаттығуларРесурстар БасталуыҰйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап
  • Қазақстан аумағынан табылған материалдар ежелгі тас дәуірінің қай кезеңіне жатады? (Шелль – ашель кезеңіне)
  • Қазақ жерінде шелль-ашель кезеңінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қай аймақта болды? (Қаратау жотасы)
  • Ежелгі тас дәуірінің шелль-ашель кезеңіне жататын тас құралдар қай жерлерден табылды? (Оңтүстік-Батыс Қаратау жотасының баурайынан, Арыстанды өзенінің бойынан табылған)
  • Соққы беру үшін пайдаланатын жағы дөңес болып келген тас құралдар қалай аталады? (Клектон түрі деп аталады?)
  • Ірі шақпақ тастар мен жаңқаланған өзекшелер қалай аталады? (Нуклеустер)
  • Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс баурайынан табылған ежелгі тас дәуірінің қоныстары мен еңбек құралдарының саны (12 қоныс пен 5 мыңға жуық шақпақ тастан жасалған құралдар табылған)
  • Орта палеолит кезеңі адамзаттың қалыпты дамуының қайсы кезеңіне сәйкес келеді? (ашель-мустье кезеңі)
  • 1868 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қандай адамның түрі табылды? (Францияның Кроманьон үңгірінен қазіргі кездегі адам түріне ұқсас түрі табылған. Оған Кроманьон адамы деген ат берілген)
  • Соңғы палеолит кезінде еңбек құралдарының жаңа түрлерінің шығуына не себеп болды? (Құрғақшылық жайлап, жануарлар дүниесі азайды. Ірі жануарлар қырылып, ірілі-ұсақты жануарларды аулау үшін құралдардың жаңа түрлерін ойлап табуға тура келді)
  • Тас құралдардан басқа тағы неден еңбек құралдары жасалды? (Сүйектен сабы, жүзі шақпақ тастан жасалған қарулар)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тұрақжайлары туралы не білесің? (ұсақ төбелердің үстіне жартылай жеркепелер салып, үй-жайларда өмір сүргендігі анықталды)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы қандай болды? (Аңшылық, балық аулау, терімшілік)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы қандай болды? (Адамдар қауымдық бірлестікте өмір сүрді. Мұндай топтар тұрақсыз болды. Алғашқы рулық құрылыс – аналық рулық құрылыстан басталды)
  • ОқулықОртасы Оқушыларға толтыру үшін кесте ұсынылады. Кестемен жұмысҚазақстан картасы

    Оқулық

    АяқталуыСабақты бекіту.Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу. Сұрақтарға жауап іздеу.Оқушыларды бағалау.СмайликтерҚосымша ақпаратСаралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Сабақ бойынша рефлексия
  • Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
  • Бүгін оқушылар не білді?
  • Сыныптағы ахуал қандай болды?
  • Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
  • Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
  • Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
  • Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.2.
    KZNEWS
    Автордың басқа материалдары