Азов теңізіндегі Ресей мен Украинаның арасында орын алған қақтығысқа Қазақстан алаңдаушылық танытып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: РБК-Украина
"Біз екі тарапты да барынша жауапкершілік танытып, шиеленістің ушығуына жол бермеуге шақырамыз", - дейді Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, осындай жағдайлардың алдын алып, бақылауда ұстау үшін арнайы ережелер керек.
"Екіншіден, сенімділікті қалыпқа келтіру қажет", - деді ол.
Сондай-ақ, ол бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Азов теңізіндегі жағдай бойынша талқылау өтетінін айтып өтті.
"Қазақстан өз кезегінде шиеленісті басу үшін айтылатын ұсыныстарды қолдауға дайын", - деді министрлік өкілі.
Айта кетейік, 25 қараша күні Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар мен украиналық кеменің үш қызметкері арасында кикілжің туындаған.
Осыдан кейін Украинаның әскери күштерін жауынгерлік дайындыққа көшіргені хабарланған. Сондай-ақ, Ресей мен Украина БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын шұғыл өткізуді сұрады.
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар