Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуді қарастырып жатыр – БАҚ

Қазақстан Ресей мұнайын өз зауыттарында өңдеуді қарастырып жатыр – БАҚ
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Ресейден жеткізілетін мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңдеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Мұны Энергетика министрлігі Reuters агенттігіне мәлімдеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жоспарға сәйкес, Ресей мұнайынан өндірілген жанар-жағармайдың бір бөлігі Қазақстанның ішкі нарығында сатылып, қалған бөлігі қайтадан Ресейге экспортталуы мүмкін.  

Министрліктің мәліметінше, мұндай қадам қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және елдегі жанармай қорын толықтыруға бағытталған.

Әзірге өңделетін мұнай көлемі, келісім талаптары және жобаға қатысатын зауыттар нақты белгіленбеген. Өнімді қай бағытқа жөнелту мәселесін нарық қатысушылары өздері шешеді.

Қазір Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай тапшылығы байқалып отыр. Бұған мұнай өңдеу нысандарына жасалған дрон шабуылдары әсер еткен. Осы айда Украина Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Ресейдегі ең ірі Омбы мұнай өңдеу зауытына соққы жасаған еді.

Қазақстан әлемдік мұнай өндірісінің шамамен 2%-ын қамтамасыз етеді. Кейінгі уақытта еліміз Ресейге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін жеткізе бастаған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.