Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан Путин мен Трамптың кездесуін құптайды – Ақорда

Қазақстан Путин мен Трамптың кездесуін құптайды – Ақорда

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді

Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Kznews.kz

«Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», – деп жазды Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Айта кетсек, 2025 жылдың 16 тамызына қараған түні Аляскада өткен кездесуден кейін Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Аляскадағы келіссөздерде аудармашыны пайдаланды. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуден кейін Украина лидері Владимир Зеленскийге қақтығысты тоқтату үшін Мәскеумен келісім жасауды ұсынды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.