Ақмола облысында полицейлер жүргізушіні өлімнен құтқарып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан бақытты елдер тізімінде 33 орынға орналасты

Қазақстан бақытты елдер тізімінде 33 орынға орналасты
Фото: akorda.kz

Қазақстан ТМД елдерін басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Халықаралық бақыт күні мереке қарсаңында қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық жарияланды. Қазақстан БҰҰ-ның World Happiness Report (Әлемдік бақыт индексі) рейтингінде бірден 10 сатыға көтеріліп, әлем бойынша 33-орынға тұрақтады.

Өңірлік деңгейде еліміз ТМД мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, көшбасшы атанды. Көрші елдерден айтарлықтай алда: Өзбекстан – 53-орында, Қырғызстан – 66-орында, ал Ресей 79-орынға жайғасқан.

Әлем бойынша ең бақытты ел атағын тоғыз жыл қатарынан Финляндия сақтап келеді. Сондай-ақ көш басында Исландия, Дания және Швеция елдері бар. Ал ең төменгі орында тағы да Ауғанстан тұр.

Айта кету керек, «бақыт индексі» тек субъективті ұғым емес. Оксфорд университетінің зерттеушілері әлем бойынша 100 мың адамға сауалнама жүргізіп, олардың өмірге қанағаттану деңгейін (10 балдық шкала бойынша) бағалаған. Сонымен қатар, есепте жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүру ұзақтығы, еркіндік деңгейі және сыбайлас жемқорлықты қабылдау сияқты нақты көрсеткіштер де ескерілген.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.