KZNews.kz
Саясат

Қазақстан Азия ойындарының қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді

KZNEWS

Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша 11-орынға ие болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 80 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.

Жүлде саны бойынша бірінші орынды Қытай, екінші Жапония және үшінші орынды Оңтүстік Корея алды.

Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасынан үздік ондыққа тек Өзбекстан ілінді, олар бесінші орында тұр.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары