Астанада өткен халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан 2027 жылы таэквондодан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Елордада 30-ға жуық елден 1000-нан астам спортшы жинаған Kazakhstan Open рейтингтік турнирі өтіп, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын Дүниежүзілік таэквондо федерациясы оң бағалады. Бұл шешім отандық спорт пен елдің халықаралық беделі үшін маңызды жетістік болып саналады.
Спорттық іс-шараның бас техникалық серіктесі ретінде «Қазақтелеком» компаниясы жарыс алаңын жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз етті. Байланыс операторының мамандары нысанда тәулік бойы кезекшілік атқарып, онлайн-трансляциялар, баспасөз орталығы мен төрешілердің техникалық жабдықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалағандықтан, ұлттық таэквондо федерациясы компанияға сапалы инфрақұрылым үшін ресми алғыс білдірді. Алдағы уақытта да телекоммуникация операторы елдегі ірі спорттық іс-шараларды байланыспен қамтуды жалғастырмақ.
«Осындай ауқымды турнирдің техникалық серіктесі болу – біз үшін үлкен мәртебе. Kazakhstan Open – бұл беделді халықаралық жарыс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның жоғары технологиялық әлеуетін көрсетуге берілген мүмкіндік. Біз ұсынған инфрақұрылым барлық жүйенің мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, турнирдің табысты өтуіне ат салысқанымызға қуаныштымыз. Ал жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 2027 жылғы таэквондодан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болуы – еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді», – деді «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионының техникалық директоры Рүстем Әбеуов.