KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Клим ерді көргенде)

Әлихан


Сұсың қара дауылдай,
Қаһарлы туған батырым.
Қазақтың Алатауындай,
Кеудеңе біткен ақылың.
Окоптарды аралап,
Бауырында дөңестің.
Таптың да бір қанағат,
Солдаттармен кеңестің.
Январьдың кешінде,
Тұрдың бізге күлімдей.
Ол күн менің есімде,
Өзімнің туған күнімдей.



Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →