KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл)

Мадияр


Көңіл мен тіл
Тіл - көңілдің тілмашы,
Көңілдің жоқ сырласы.
Тілмашыңды оң жұмсап,
Теріске, көңілім, бұрмашы.
Айтқанын қып қожаныңның,
Тілім қарап тұрмашы!
Аңғырттанып беталды,
Масқара мені қылмашы,
Тым құқтыртпай тия ұста,
Тілмашыңды, мырзасы.


Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →