KZNews.kz
Білім

Қазақша өлең: Құралай Омар (Жазмыштың құлымыз....)

KZNEWS


Жазмыштың құлымыз,
салғанына көндiгемiз шарасыз.
Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз.
Жалғыздығым жабықтырды iздедiм,
Сiздi қайдан табамын?!
Менi қайдан табасыз?..

…Тоқыраған көңiлiмдi толтырып,
Тым алыстан
Қиялымның терезесiн қағасыз,
Жанарымда үмiт болып жанасыз…
Кiм бiледi,
Бәлкiм сiз арманымда ғанасыз...


KZNEWS
Автордың басқа материалдары